Сұрақ:
Салық органы жұмыстың нақты орындалуын немесе қызмет көрсетуді тексере ала ма?
Жауап:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 160-бабына сәйкес, салықтық тексеру жүргізу кезінде салық органының лауазымды адамдары тексеру үшін маңызы бар құжаттар мен мәліметтерді алу және зерттеу бойынша Кодексте көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы. Сондықтан Шарттың, орындалған жұмыстар актісінің немесе шот-фактураның болуы шаруашылық операцияның нақты мән-жайларын тексеруді жоққа шығармайды.