Сұрақ:
Салық органы салықтық тексеру кезінде қандай құжаттарды сұратуға құқылы?
Жауап:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 164-бабына сәйкес салық төлеушіге салықтық тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттарды ұсыну туралы талап беріледі. Талап тексеру нысанасына қатысты құжаттар мен мәліметтерге қолданылады, ал салық төлеуші оларды белгіленген мерзімде ұсынуға міндетті.