Сұрақ:
Жаңа Салық кодексінде КТС қандай ставкалары қарастырылған?
Жауап:
КТС базалық мөлшерлемесі 20% деңгейінде сақталады. Кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметті қоспағанда, банк секторы үшін мөлшерлеме 25% -. құрайды (20%). Бұл ретте ЕДБ жүзеге асыратын банк қызметі бойынша салық салынатын табысты айқындау тәртібін уәкілетті органның келісімі бойынша ҰБ белгілейді. Сондай-ақ, ойын бизнесіне салық салудың қолданыстағы тәртібін сақтаумен қатар, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсенің қызметі бойынша КТС 25% жоғары ставка бойынша есептеу және төлеу көзделеді. Әлеуметтік сала (білім, медицина) үшін ставканы кезең-кезеңімен арттыру ұсынылады: 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10%. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін мөлшерлеме 3% деңгейінде қалады. Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін ставка 6%.