Сұрақ:
Салық төлеуші камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама алған кезде қандай әрекеттер жасауы тиіс?
Жауап:
Республика Салық кодексінің 93-бабына сәйкес салық төлеушіге хабарлама жіберіледі, ол хабарлама сипатында болады және жауап беруді талап етпейді.
Жеке тұлға салық міндеттемелерін орындау қажеттілігі туралы шешімді дербес қабылдайды.
Хабарлама жіберілген жағдайда, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 137-бабына сәйкес салық төлеуші белгіленген мерзімде міндетті:
анықталған сәйкессіздіктермен келіскен кезде салықтық есептілікті ұсыну жолымен бұзушылықтарды жою;
келіспеген жағдайда, сәйкессіздіктердің себептерін көрсете отырып, қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша түсініктемелер беру.
Түсініктемелер ұсынылмаған не ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растау қажет болған жағдайда салық органы салықтық тексеру жүргізуге құқылы.