Сұрақ:
Бөлшек сауда лицензиясын алу үшін қажетті құжаттар?
Жауап:
*Стационарлық үй-жайды сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер көрсету туралы шарттың (шарттардың) атауы, күні мен нөмірі көрсетілген стационарлық үй-жайда сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз.
* Стационарлық үй-жайдың кадастрлық нөмірі және үй-жай иесінің ЖСН/БСН көрсетілген стационарлық үй-жай.
* Шарттың (шарттардың) атауын, нөмірін және күнін көрсете отырып, жалдау немесе өтеусіз пайдалану шарты.
* Бақылау-касса машинасының тіркелгенін растайтын құжаттың нөмірі мен күнін көрсете отырып, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасы туралы мәліметтер.
* Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттары мен аумақтарынан тыс жерлерде меншік құқығында немесе уақытша иелену (пайдалану), өтеусіз пайдалану құқығында тұрақты тұрудан өзге мақсаттар үшін пайдаланылатын стационарлық үй-жай.