Сұрақ:
Салық органдары талдау үшін аударымдарды қалай таңдайды?
Жауап:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығымен бекітілген белгіленген өлшемшарттарға сәйкестікті іріктеуді және айқындауды Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асырады.
Критерийлер бір мезгілде орындалған жағдайда (қатарынан үш ай ішінде 100 және одан да көп адамнан қаражат алу және 1 020 000 теңгеден астам сома) банктер тиісті мәліметтерді Мемлекеттік кіріс органдарына береді.