Сұрақ:
Тауарларды экспортқа сату айналымы деп нені түсінеді?
Жауап:
Тауарларды экспортқа сату айналымы – бұл тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге нақты шығаруды көздейтін сауда операциялары.
Мұндай операциялар салық заңнамасында көзделген талаптар мен растайтын құжаттар болған жағдайда қосылған құн салығы бойынша нөлдік ставкаға жататын айналымдар болып табылады.