Сұрақ:
МӘМС жарналарын мемлекет кімдер үшін төлейді?
Жауап:
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 1- тармағына сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары жеңілдік санатына жататын адамдар (зейнетақы төлемдерін алушылар, күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдар, мүгедектігі бар адамдар, жүктілікке және босануға байланысты демалыстағы адамдар, сондай-ақ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26- бабында көрсетілген өзге де жеңілдік санатындағы адамдар)үшін төленеді.