Сұрақ:
Жаңартылған ЭШФ нысанындағы «В» және «С» бөлімдерінде нотариус санаты көрсетілмеген. Мұндай жағдайда нотариустар электрондық шот-фактураны (ЭШФ) қалай рәсімдеуі қажет?
Жауап:
Салық кодексіне сәйкес шот-фактураны ҚҚС төлеушілер, сондай-ақ ҚҚС төлеуші болып табылмайтын жекелеген тұлғалар санаты жазып беруге міндетті.
Сонымен қатар, жеке практикамен айналысатын тұлғалар, оның ішінде нотариустар ҚҚС төлеуші ретінде тіркеле алмайды және шот-фактураны міндетті түрде жазып беруге тиіс тұлғалар тізбесіне кірмейді.