Сұрақ:
МӘМС және ТМККК үшін әкелінетін, бірақ дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуға әлі шарты жоқ дәрі-дәрмектерге ҚҚС қандай тәртіппен есептеледі?
Жауап:
ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттарды импорттау кезінде дәрілік заттарды жеткізу шарты болмаған жағдайда, егер мұндай дәрілік заттар ҚР әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес дәрілік заттар, медициналық бұйымдар, медициналық бұйымдарды жинақтаушы, сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар тізбесіне енгізілген болса, импортқа ҚҚС 5% ставка бойынша төленуге тиіс (5% салық салынатын дәрілік заттардың тізбесі).
Бұл ретте, егер дәрілік заттар 5% - дан салық салынатын дәрілік заттар тізбесіне енгізілмесе, онда импортқа ҚҚС 16% ставка бойынша төленуге тиіс.