Сұрақ:
Қандай жағдайларда аударымдарды алу жөніндегі қызметті кәсіпкерлік деп тануға болады?
Жауап:
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 2-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтардың тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан немесе қызметтер көрсетуден таза табыс алуға бағытталған дербес, бастамашыл қызметі Кәсіпкерлік болып табылады.
Егер мобильді аударымдар жүйелі сипатта болса және Тауарларға, жұмыстарға немесе қызметтерге ақы төлеумен байланысты болса, мұндай түсімдер Кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс деп танылуы мүмкін.