Сұрақ:
Қандай жағдайларда бейрезиденттің Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі тұрақты мекеменің құрылуына әкеледі?
Жауап:
Қазақстан Республикасының аумағында бейрезиденттің қызметті жүзеге асыруы:
1) тұрақты қызмет орны болған;
2) бейрезидент жалдаған қызметкерлер немесе өзге де персонал арқылы қызметтер көрсеткен, жұмыстарды орындаған; 3) бейрезидент тәуелді агент арқылы қызметін жүзеге асырған;
4) бейрезидент бірлескен қызметті жүзеге асырған жағдайда бейрезидент тұрақты мекеме құрады.
Халықаралық шарт болған кезде, тұрақты мекеме осындай халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес айқындалады.