Меню

Страницы

Статья

Қандай жағдайларда банктер жеке тұлғалардың салық органдарына мобильді аударымдары туралы мәліметтерді береді?

Сұрақ:

Қандай жағдайларда банктер жеке тұлғалардың салық органдарына мобильді аударымдары туралы мәліметтерді береді?

Жауап:

Қазақстан Республикасының Салық кодексі 55-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес банк ұйымдары кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері болған кезде жеке тұлғаның банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақша сомасы туралы мәліметтерді ұсынады.
Мәліметтерді беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығымен бекітілген белгіленген өлшемшарттар бір мезгілде орындалған кезде ғана жүзеге асырылады.
Атап айтқанда, егер жеке тұлға қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысы ішінде 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шотына ақша алса және түсімдердің жиынтық сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асса, мұндай мәліметтерді Екінші деңгейдегі банктер Мемлекеттік кірістер органдарына жібереді.

 

Дата публикации
04 сентября 2026
Дата обновления
04 сентября 2026
Тип
ТОП сұрақтар-жауаптар

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Банкроттың мүлкі қандай тәсілмен сатылады және оны сату жоспарын кім әзірлейді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Қаржы басқарушысы кім бола алады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Егер екінші деңгейлі банк, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттік болып табылмайтын занды тұлға алдындағы орындалмаған міндеттемелер сомасы 1600 АЕК-тен аспаса, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беруге бола ма?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы