Сұрақ:
Қол қою бонусы дегеніміз не және оны кім төлеуі керек?
Жауап:
Қол қою бонусы бұл жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыру құқығын сатып алғаны үшін төлейтін біржолғы төлем. Жер қойнауын пайдаланушылар көмірсутек шикізаты, қатты пайдалы қазбалар, кең таралған пайдалы қазбалар және жер асты сулары бойынша ақы төлейді.