Меню

Страницы

Статья

Өз тауарларын уақытша сақтау қоймасын қалай ашуға болады?

Сұрақ:

Өз тауарларын уақытша сақтау қоймасын қалай ашуға болады?

Жауап:

Тауарлар иесінің кедендік бақылаудағы өз тауарларын уақытша сақтауға арналған үй-жайы және (немесе) ашық алаңы өз тауарларын сақтау қоймасы болып табылады. Бұл ретте өз тауарларын сақтау қоймалары мынадай талаптарға сай болуға тиіс:
1) үй-жайлар және (немесе) ашық алаңдар меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалдауда болуға, бұл ретте жалдау мерзімі өтініш берілген күннен бастап алты айдан кем болмауға тиіс;
2) орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығы болуға, ал арнайы сақтау орындарына газ орналастырылатын жағдайда тиісті есепке алу аспаптары болуға;
3) аумақ осы Кодекстің 404-бабына сәйкес белгіленуге тиіс;
4) техникалық жағынан жарамды кіреберіс жолдардың, сондай-ақ қатты төсемі (бетон, асфальт, резеңке не өзге де қатты төсемі) бар тауарларды жете тексеруге арналған орындары, оның ішінде электр жарығымен жарақтандырылған жабық алаңдары болуға;
5) тиеу-түсіру алаңдарын (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдардын) қоса алғанда, аумақ бір пошта мекенжайы бойынша орналасуға және өз тауарларын сақтау қоймасының бүкіл периметрі бойынша тұтас қоршауы болуға тиіс.
Өз тауарларын сақтау қоймалары тек қана осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес пайдаланылуға тиіс. Көрсетілген қоймаларды өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.

Дата публикации
03 сентября 2026
Дата обновления
03 сентября 2026
Тип
ТОП сұрақтар-жауаптар

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Қандай шарттар сақталған кезде бейрезидент алған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын оның табыс деп танылады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғамын және Е-salyq Business қосымшасындағы «Салық әмияны» арқылы салық төледім. Неліктен әлеуметтік төлемдер өтелмеді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
«Салық әмиянын» қателесіп толықтырдым. Ақшаны қалай қайтаруға болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы