Сұрақ:
Мен 2 топтағы мүгедекпін, ДК ретінде тіркедім, ДК бойынша салық төлемесем болады ма, маған жеңілдік бар ма?
Жауап:
Мүгедектерді кәсіпкерлік қызмет бойынша салық төлеуден босату таңдалған салық салу режиміне байланысты, мысалы, егер дара кәсіпкер салық салудың оңайлатылған режимі бойынша жұмыс істесе, онда салықтан босату көзделмейді, егер ол жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жұмыс істесе- дербес салық салуға жататын жеке табыс салығы бойынша 1,2 топ үшін 5000 еселенген АЕК мөлшерінде әлеуметтік салық шегерімдерін қолдануға құқығы бар (СК 411-бабының 2-тармағы)