Меню

Страницы

Статья

Есеп нысандары автоматты түрде 0-мен тапсырылуы үшін не істеу керек?

Сұрақ:

Есеп нысандары автоматты түрде 0-мен тапсырылуы үшін не істеу керек?

Жауап:

Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тіркеуден кейін веб-қосымшада ұсынылатын салық есептілігінің нысандарын көрсетеді.
Салық есептілігінің басқа нысандарын ұсыну қажеттілігін көздейтін қызмет түрлері өзгерген жағдайда, салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс ету мерзімі өткенге дейін веб-қосымшада табыс етілуге тиіс салық есептілігінің нысандарын көрсетеді.
Сондай-ақ, салық төлеуші (салық агенті) корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын қоспағанда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің дербес төлеушісі деп тануға құқылы.
Құрылымдық бөлімшені салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді дербес төлеуші деп тану үшін салық төлеуші (салық агенті) СӘИЖ СТК салық төлеушінің бейінінде салық органын электрондық түрде хабардар етуге және салық төлеушінің бейінінде осындай құрылымдық бөлімше табыс етуге жататын салық есептілігінің нысандарын көрсетуге міндетті.

Дата публикации
03 сентября 2026
Дата обновления
03 сентября 2026
Тип
ТОП сұрақтар-жауаптар

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Банкроттың мүлкі қандай тәсілмен сатылады және оны сату жоспарын кім әзірлейді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Қаржы басқарушысы кім бола алады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Егер екінші деңгейлі банк, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттік болып табылмайтын занды тұлға алдындағы орындалмаған міндеттемелер сомасы 1600 АЕК-тен аспаса, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беруге бола ма?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы