Меню

Страницы

Статья

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам жұмыс істеуге рұқсат етілген бірнеше қызметті қолдана ала ма?

Сұрақ:

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам жұмыс істеуге рұқсат етілген бірнеше қызметті қолдана ала ма?

Жауап:

Салық кодексінің 718-бабына сәйкес өзін – өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер болып табылмайтын) - Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар мынадай шарттарға сәйкес келетін қолдануға құқылы:
1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратындар.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
2) жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
3) күнтізбелік айдағы табысы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайларда жүзеге асырылады.
Осылайша, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам бірнеше қызмет түрлерін, қызмет түрлері бойынша негізгі өлшемшарттарды және күнтізбелік айдағы табыс сомасы бойынша қолдануға құқылы.

Дата публикации
01 сентября 2026
Дата обновления
01 сентября 2026
Тип
ТОП сұрақтар-жауаптар

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Қандай шарттар сақталған кезде бейрезидент алған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын оның табыс деп танылады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғамын және Е-salyq Business қосымшасындағы «Салық әмияны» арқылы салық төледім. Неліктен әлеуметтік төлемдер өтелмеді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
«Салық әмиянын» қателесіп толықтырдым. Ақшаны қалай қайтаруға болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы