Сұрақ:
АСР бойынша қандай мөлшерлемелер белгіленеді және кім анықтайды (мәслихаттар немесе ҚР бойынша бірыңғай)?
Жауап:
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданатын тұлғалар табыс салығын төлеуден толық босатылды (ЖТС мөлшерлемесі 0%). Мұндай тұлғалар үшін жалғыз міндеттеме табыстың 4% мөлшерінде әлеуметтік төлемдерді төлеу болып табылады (МЗЖ, ЖМЗЖ, ӘА және МӘМС 1%), бұл өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға базалық әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етеді.
Оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын салық төлеушілер үшін мәслихаттарға осы мөлшерлемені 50%-ға дейін төмендету немесе көтеру құқығын бере отырып, 4% мөлшерінде салық мөлшерлемесін (КТС/ЖТС) белгіленді.