Сұрақ:
Мүгедектігі бар адамдар үшін ЖТС бойынша қандай салықтық жеңілдіктер қарастырылған?
Жауап:
Бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін 5 000 еселенген АЕК мөлшерінде әлеуметтік салық шегерімі көзделгеніне назар аударамыз.
Мүгедектігі бар адамдардың қалған санаттары үшін (үшінші топтағы мүгедектігі бар адам, мүгедектігі бар бала, мүгедектігі бар баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі – он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар әрбір осындай бала үшін, "мүгедектігі бар адам" себебі бойынша мүгедектігі бар адам деп танылған адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі бала кезінен") күнтізбелік жылға айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері (2026 жылы 3 814 650 теңге) шегінде салық шегерімі сақталды.