Сұрақ:
Қазақстан Республикасының салық органдарында шартты тіркеуден өтпеген шетелдік интернет-платформаларға қатысты қандай шаралар қолданылатын болады?
Жауап:
Жаңа Салық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік интернет-платформалар салық органдарында шартты тіркеуге тұруға міндетті. Осы талап орындалмаған жағдайда интернет-ресурстарға және/немесе платформаның өзіне қол жеткізуді бұғаттау түріндегі әкімшілік ықпал ету шаралары көзделген.
Сонымен қатар, Егер камералдық бақылау жүргізу барысында төленген салық сомалары (мысалы, ҚҚС бойынша) бойынша сәйкессіздіктер анықталса және қойылған хабарламаның нәтижелері бойынша сәйкессіздік жойылмаса, платформаны бұғаттау туралы шешім де қабылдануы мүмкін.