Меню

Страницы

Статья

Жеке кәсіпкер қайтыс болған кезде оның қарыздары қалай жабылады ?

Сұрақ:

Жеке кәсіпкер қайтыс болған кезде оның қарыздары қалай жабылады ?

Жауап:

Қайтыс болған жеке тұлғаның қайтыс болған күні немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот актісі заңды күшіне енген күні қалыптасқан салық берешегін, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мұрагер (мұрагерлер) мұрагерлік мүліктің құны шегінде және ол қабылданған күнгі мұрадағы үлеске барабар өтейді.
Егер қайтыс болған дара кәсіпкердің мұрагері жетім бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала болса, онда мұра қалдырушының салық берешегін өтеу жөніндегі міндеттеме салық берешегін өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актісі негізінде ғана осындай мұрагерге жүктеледі.
Салық органы жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың мәртебесін растайтын құжат және салық органында тіркеу есебі және қайтыс болған күнге арналған салық берешегі туралы деректер негізінде сотқа салық берешегін өндіріп алу туралы талап-арызбен жүгінеді.
Салық берешегін өндіріп алу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартқан кезде мұра қалдырушының салық берешегі салық берешегін есептен шығару туралы шешімге сәйкес есептен шығарылады.
Салық берешегін есептен шығару туралы шешімді салық органы салық берешегін өндіріп алу туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы заңды күшіне енген сот актісінің негізінде шығарады.

Дата публикации
28 августа 2026
Дата обновления
28 августа 2026
Тип
ТОП сұрақтар-жауаптар

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Банкроттың мүлкі қандай тәсілмен сатылады және оны сату жоспарын кім әзірлейді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Қаржы басқарушысы кім бола алады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Егер екінші деңгейлі банк, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттік болып табылмайтын занды тұлға алдындағы орындалмаған міндеттемелер сомасы 1600 АЕК-тен аспаса, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беруге бола ма?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы