Сұрақ:
Үкіметтің қаулысында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлері бойынша біздің ЭҚЖЖ жоқ, бұл біз оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істей аламыз дегенді білдіре ме?
Жауап:
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға Қазақстан Республикасының резидент-дара кәсіпкерлері мен заңды тұлғалары Қазақстан Республикасының Үкіметі 2025 жылғы 14 қарашадағы № 970 қаулысында айқындалған қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілмеген, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға тыйым салынатын қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
Осылайша, Үкіметтің жоғарыда аталған қаулысында сіздің қызмет түріңіз болмаған кезде, сондай-ақ оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану шарттары сақталған жағдайда, сіз осы салық салу режимін қолдануға құқылысыз.