Сұрақ:
Оңайлатылған декларация негізінде АСР-ға көшу үшін хабарламаны қандай мерзімде ұсыну қажет?
Жауап:
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы салық режимдерін қолданған салық төлеушілер қолдану шарттарын ескере отырып оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламалар ұсынады.
Салық органы дара кәсіпкерлер ретінде есептен 2026 жылғы 1 наурызда патент негізінде және арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы салық режимдерін қолданған, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін хабарлама ұсынбаған салық төлеушілер автоматты түрде алып тастауға жатады.