Сұрақ:
Тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізіле ме?
Жауап:
Иә, Кедендік бақылау тауарлар шығарылғаннан кейін де жүргізілуі мүмкін. Кейінгі бақылау шеңберінде ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы, кеден заңнамасы талаптарының сақталуы және кеден төлемдерін төлеудің дұрыстығы тексеріледі.