Сұрақ:
Тексеру топтары қалай құрылады? Олар қалай бөлінеді?
Жауап:
"Кедендік тексеру" ұсынылған шарасымен тәуекелдерді басқару жүйесінің тәуекел бейіні іске қосылған кезде "KEDEN" АЖ кедендік тексеріп қарауды жүргізуді бақылау кеден бекетінің мамандары арасында автоматты түрде бөлінеді.
Кедендік қарап тексеру Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 14.02.2018 жылғы № 188 бұйрығымен бекітілген кедендік қарап тексеру және қарап тексеру жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.