Меню

Страницы

Статья

Егер заңды тұлға алдындағы орындалмаған міндеттемелер сомасы 1600 АЕК-тен аспаса, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға өтініш беруге бола ма?

Сұрақ:

 

Егер заңды тұлға алдындағы орындалмаған міндеттемелер сомасы 1600 АЕК-тен аспаса, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға өтініш беруге бола ма?

 

Жауап:

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімі борышкердің мүлкі болған жағдайда немесе екінші деңгейлі банктерге, микроқаржы ұйымдарына, коллекторлық агенттіктерге, сондай-ақ банк қарызы, қарыз (кредит) шарттары және жеке тұлғаларға микрокредит беру шарттары бойынша талап ету құқықтары бар өзге ұйымдар алдындағы берешек 1600 АЕК-тен асқан жағдайда қолданылады, сондай-ақ басқа тұлғалар алдындағы міндеттемелер бойынша қарыз сомасына қарамастан қолданылады.                                                                                   

 Сонымен қатар, сот арқылы банкроттық рәсімін қолданудың міндетті шарттары:

 -қарыздың 12 ай ішінде өтелмеуі;

 -міндеттемелер бойынша реттеу рәсімінен өту.

 

(Заңның 6-бабы 2-тармағы)

 

Азамат сотқа сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішті тұрғылықты жері бойынша береді (20- бап 2-тармақ).

 

Осылайша, егер борышкердің 12 ай ішінде өтелмеген міндеттемелері екінші деңгейлі банк, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттік болып табылмайтын заңды тұлға алдында болса, ол қарыз сомасына қарамастан сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға өтініш бере алады.

 

Дата публикации
26 августа 2026
Дата обновления
26 августа 2026
Тип
ТОП сұрақтар-жауаптар

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Банкроттың мүлкі қандай тәсілмен сатылады және оны сату жоспарын кім әзірлейді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Қаржы басқарушысы кім бола алады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Егер екінші деңгейлі банк, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттік болып табылмайтын занды тұлға алдындағы орындалмаған міндеттемелер сомасы 1600 АЕК-тен аспаса, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беруге бола ма?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы