Меню

Страницы

Статья

Банкроттың мүлкін сату қандай әдіспен жүргізіледі және оны сату жоспарын кім жасайды?

Сұрақ:

Банкроттың мүлкін сату қандай әдіспен жүргізіледі және оны сату жоспарын кім жасайды?

 

Жауап:

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 99-бабының 1- тармағына сәйкес банкроттың мүлкін, оның ішінде талап ету құқықтарын сату банкроттық басқарушы тарапынан сату жоспарына сәйкес электрондық аукцион өткізу немесе тікелей сату әдісі арқылы жүзеге асырылады.

 

Банкроттың мүлкін сатуға арналған электрондық аукционды ұйымдастыру және өткізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.      Сонымен бірге, Заңның 99-бабының 1-тармағына сәйкес сату жоспары банкроттық басқарушы тарапынан банкроттың мүліктік массасын түгендеу және бағалау нәтижелері негізінде, сондай-ақ кредиторлар жиналысының мүлікті электрондық аукционға шығару туралы шешімі негізінде әзірленеді.

 

    Айта кету керек, банкроттық басқарушы сату жоспарын кредиторлар комитеті белгілеген мерзімде әзірлеп, кредиторлар комитетінің қарауына ұсынуға міндетті.

 

 

 

 

Дата публикации
24 августа 2026
Дата обновления
24 августа 2026
Тип
ТОП сұрақтар-жауаптар

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Банкроттың мүлкі қандай тәсілмен сатылады және оны сату жоспарын кім әзірлейді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Қаржы басқарушысы кім бола алады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Егер екінші деңгейлі банк, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттік болып табылмайтын занды тұлға алдындағы орындалмаған міндеттемелер сомасы 1600 АЕК-тен аспаса, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беруге бола ма?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы