Меню

Страницы

Статья

Ақтөбе облысында 26,6 млн теңгеге әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасалды

2026 жылғы 2 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты бірқатар әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық қолданылады.

 

Рақымшылық азаматтарға, жеке кәсіпкерлерге және жекеше практикамен айналысатын адамдарға қатысты мемлекеттік кірістер органдары салған бірқатар әкімшілік айыппұлдарды қамтиды.

 

Маңыздысы, рақымшылыққа жататын айыппұлдар автоматты түрде есептен шығарылады. Азаматтарға өтініш беру немесе мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну талап етілмейді.

 

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен оның аумақтық басқармалары тарапынан 250 әкімшілік материал бойынша рақымшылық жүргізілді.

 

Оның ішінде:

– жеке тұлғалар бойынша 15 материал – 1 млн 130 мың теңге;

– жеке кәсіпкерлер бойынша 235 материал – 25 млн 554 мың теңге.

 

Нәтижесінде рақымшылық аясында есептен шығарылған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 26 млн 685 мың теңгені құрады.

 

Рақымшылық рәсімін аяқтау үшін мемлекеттік кірістер органдарына заңмен алты ай мерзім белгіленген.

Дата публикации
19 августа 2026
Дата обновления
19 августа 2026
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Қандай шарттар сақталған кезде бейрезидент алған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын оның табыс деп танылады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғамын және Е-salyq Business қосымшасындағы «Салық әмияны» арқылы салық төледім. Неліктен әлеуметтік төлемдер өтелмеді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
«Салық әмиянын» қателесіп толықтырдым. Ақшаны қалай қайтаруға болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы