Меню

Страницы

Статья

Оңалту және банкроттық

 

Қазақстан Республикасында азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге және проблемалық берешекті реттеуге бағытталған заңнаманы іске асыру жалғасуда. Оңалту және банкроттық рәсімдері борышкерлерге кредиторлар алдындағы міндеттемелерін заңды түрде реттеуге және қарыз жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін қолдана алады. Аталған тетіктердің негізгі мақсаты — белгіленген талаптарды сақтай отырып, азаматтарға қаржылық міндеттемелерін реттеуге мүмкіндік беру.

Соттан тыс банкроттық рәсімі мүлкі жоқ және өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндігі жоқ азаматтарға қатысты қолданылады. Бұл рәсім банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы берешекке қатысты жүзеге асырылады. Өтінішті электрондық үкімет порталы, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары немесе мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық сервистері арқылы беруге болады.

Сот арқылы банкроттық рәсімі мүлік болған жағдайда немесе даулы міндеттемелер туындаған кезде қолданылады. Рәсім барысында борышкердің мүліктік жағдайына бағалау жүргізіліп, кредиторлардың талаптары қаралып, сот шешімі қабылданады.

Сонымен қатар заңнамада төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі көзделген. Бұл рәсім азаматқа мүлкін сақтай отырып, бекітілген төлем кестесі бойынша берешекті өтеуге мүмкіндік береді. Аталған шара тұрақты табысы бар және міндеттемелерін кезең-кезеңімен орындауға мүмкіндігі бар азаматтарға арналған.

Азаматты банкрот деп тану белгілі бір құқықтық салдарға әкеп соғатынын ескеру қажет. Атап айтқанда, белгіленген мерзім ішінде кредит алу бойынша шектеулер қойылып, қаржылық мониторинг жүргізіледі.

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарға оңалту және банкроттық рәсімдерінің талаптарымен мұқият танысып, мемлекеттік органдардың ресми сервистері арқылы уақтылы кеңес алуға кеңес береді.

Дата публикации
26 мая 2026
Дата обновления
08 июня 2026
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Банкроттың мүлкі қандай тәсілмен сатылады және оны сату жоспарын кім әзірлейді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Қаржы басқарушысы кім бола алады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Егер екінші деңгейлі банк, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттік болып табылмайтын занды тұлға алдындағы орындалмаған міндеттемелер сомасы 1600 АЕК-тен аспаса, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беруге бола ма?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы