Меню

Страницы

Статья

«Салық төлеушілердің таратылуы, қайта ұйымдастырылуы және қызметін тоқтатуы кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы» № 654 бұйрық бойынша түсіндіру

Бірқатар БАҚ-та жарияланған материалдарда Қаржы министрінің «Салық төлеушілердің таратылуы, қайта ұйымдастырылуы және қызметін тоқтатуы кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы» №654 бұйрығы заңнамаға қайшы келеді және компания құрылтайшыларына жаңа міндеттер жүктейді деген пікір айтылды. Осыған байланысты МКК ресми түсініктемесін жариалауда.

№654 бұйрық ешқандай жаңа талап енгізбейді. Бұл бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Салық кодексінің нормаларын іске асыру үшін қабылданған. Онда компаниялар жойылғанда немесе қызметін тоқтатқанда салықтық міндеттемелерді қалай орындауы керектігі айқындалған.
Негізгі қағида бұрынғыдай қалады:
- компанияның салықтық берешегі болса — ол Салық кодексінде көзделген тәртіппен өндіріледі;
- компания мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда — құрылтайшылардың жауапкершілігі тек Қазақстан Республикасының заңдарымен тікелей белгіленген жағдайларда ғана туындайды.
Бұл қағида бұрыннан бар — Салық кодексінде, Азаматтық кодексте және Банкроттық туралы заңда көрсетілген. №654 бұйрық осы нормаларды қайталайды және мемлекеттік кірістер органдарының өкілеттіктерін кеңейтпейді.
Құрылтайшы қашан жауапкершілікке тартылады.
Құрылтайшы субсидиарлық (бірлескен) жауапкершілікке тек ұйым банкрот деп танылғаннан кейін және нақты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда тартылады, мысалы:
— ұйымды әдейі банкроттыққа әкелу;
— мүлікті шығару немесе жасыру;
— таратылатын компанияның құжаттарын тапсырмау;
— мүлкі жеткіліксіз кезде сотқа банкроттық туралы өтініш бермеу.
Неліктен түсінбеушілік пайда болды.
Кейбір жарияланымдар бұйрықтың бір тармағын құрылтайшылардың жауапкершілігін кеңейтеді деп түсіндірді. Алайда бұл тармақ Салық кодексінің 75-бабының нормаларын ғана қайталайды және қолданыстағы ережелерді өзгертпейді.
Маңызды ақпарат
- №654 бұйрық заңды бұзбайды және құрылтайшыларға жаңа міндеттер жүктемейді.
- Ол мемлекеттік кірістер органдарына жаңа өкілеттік бермейді.
- Ол тек бұрыннан заңдарда бекітілген рәсімдерді жүйелейді және нақтылайды.

Дата публикации
22 декабря 2025
Дата обновления
22 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Банкроттың мүлкі қандай тәсілмен сатылады және оны сату жоспарын кім әзірлейді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Қаржы басқарушысы кім бола алады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Егер екінші деңгейлі банк, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттік болып табылмайтын занды тұлға алдындағы орындалмаған міндеттемелер сомасы 1600 АЕК-тен аспаса, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беруге бола ма?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы