«Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелердің растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 180 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 15 жылғы №923 бұйрық

Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан

«Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелердің растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы

14 ақпандағы № 180 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерді растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16603 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

««Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 92-бабы 4 және 6-тармақтарына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуді беру туралы шешімнің нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге бас тарту туралы шешімнің нысаны бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Кедендік әкелу баждарын төлеуін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелерін растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 92-бабы 4 және 6-тармақтарына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Кедендік әкелу баждарын төлеуін мерзімдерін өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мерзімі олар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды.

Көрсетілетін қызметті алушы келу тәртібімен Мемлекеттік корпорацияға қағаз жеткізгіште толық құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда:

1) 15 (он бес) минут ішінде – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға ұсынған құжаттарды қабылдайды, тексереді және тіркейді және оларды қабылдағаны туралы қолхат береді;

2) 1 (бір) жұмыс күні ішінде – Мемлекеттік корпорацияның курьерлік қызметі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды береді;

Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

4 (төрт) сағат ішінде – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері курьерлік қызмет ұсынған құжаттарды қабылдайды, ЭҚАБЖ-да тіркейді және құжаттар топтамасын қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның міндетін атқарушыға береді, ол көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидалардың 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өтініште көрсетілген мәліметтердің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың Кодекстің 92-бабында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.

Осы Қағидаларға сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ақпарат болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері ұсынылған құжаттар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылған құжаттар топтамасы қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оны сәйкес келтіру мерзімін көрсетеді.

Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкестендіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

Егер хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмеген болса, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.

Егер мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер анықталған болса, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын-ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (әдісі) туралы хабарлау
алдын-ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күн бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша хаттама жасалады және көрсетілетін қызметті беруші рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

Бұл жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының сұрауы болған жағдайда, тыңдау рәсімі жүргізілмеуі мүмкін.

Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру туралы не осы Қағидаларға 1-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беруден бас тарту туралы шешім мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның міндетін атқарушы тұлғаға жолдайды.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды және Мемлекеттік корпорацияға курьерлік қызмет арқылы жіберіледі.

1 (бір) жұмыс күні ішінде – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алады.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы
14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында белгіленеді.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

салықтардың және бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысының атына;

мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

Бұл ретте, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25 бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;

көрсетілген қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге туралы шешімнің нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеуге бас тарту туралы шешімнің нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

 

Е. Жамаубаев

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 17.09.2021

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 24403 болып енгізілді

Результаты согласования

Министерство финансов РК - директор ДЮС Асет Багдатович Шонов, 07.09.2021 11:46:26, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министра Наталья Виссарионовна Пан, 14.09.2021 18:29:31, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

ҚР Қаржы министрлігі - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е. Жамаубаев, 15.09.2021 09:06:29, положительный результат проверки ЭЦП

Негізгі құжат
Дата публикации
28 сентября 2021