"Құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 09 сәуірдегі № 321 бұйрығы

Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан

Құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 452-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құпия ақпарат болып табылмайтын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары айқындалсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

 

Е. Жамаубаев

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 15.04.2021

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 22549 болып енгізілді

Результаты согласования

Министерство финансов РК - директор Департамента Мурат Бухарбаевич Адилханов, 29.03.2021 09:35:45, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министра Наталья Виссарионовна Пан, 09.04.2021 15:38:33, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

ҚР Қаржы министрлігі - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е. Жамаубаев, 09.04.2021 16:11:49, положительный результат проверки ЭЦП

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 09 сәуірдегі № 321 бұйрығы
Дата публикации
27 апреля 2021