СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

  1. Мемлекеттік қызметтегі әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес мемлекеттік қызметші:

  • заңдылықты;
  • адалдықты;
  • әділдік пен ашықтықты;
  • азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуді
    қатаң сақтауға міндетті.

Әдеп нормаларын сақтау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына бақылау жасап, құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар тетіктерді көздейді, атап айтқанда:

  • мүдделер қақтығысын болдырмау;
  • қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға тыйым салу;
  • мемлекеттік қызметшілердің табыстары мен мүлкін жария ету;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау.

Бұл шаралар мемлекеттік аппараттың ашықтығын арттыруға және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға бағытталған.

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы профилактикалық шаралар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында:

  • мемлекеттік қызметшілер арасында тұрақты түрде түсіндіру және оқыту жұмыстарын жүргізу;
  • әдеп нормалары мен заң талаптарын сақтау бойынша профилактикалық іс-шараларды күшейту;
  • құқықбұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру;
  • азаматтармен кері байланысты дамыту маңызды болып табылады.

 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу әрбір мемлекеттік қызметшінің ортақ жауапкершілігі.

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 августа 2026