Мүдделер қақтығысы — бұл жеке мүдделілік (тікелей немесе жанама) адамның қызметтік міндеттерін адал әрі объективті орындауына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін жағдай.
Мүдделер қақтығысының мысалдары:
- Мүдделі тұлғалардан сыйлықтар немесе қызметтер алу;
- Туыстарды немесе жақын адамдарды жұмысқа орналастыру;
- Жеке мүдде үшін шешім қабылдау;
- Мемлекеттік қызметті кәсіпкерлікпен қатар жүргізу;
- Қызметтік ақпаратты жеке мақсатта пайдалану.
Не істеу қажет?
- Мүдделер қақтығысы туралы уақтылы хабарлау;
- Қызметтік әдеп нормаларын сақтау;
- Шешімнің объективтілігіне әсер ететін жағдайлардан аулақ болу;
- Адалдық пен ашықтық қағидаттарын ұстану.
Ашықтық пен адалдық — қоғам сенімінің негізі!