
Салықтық әкімшілендіру салық қызметі органдарының салықтық бақылауды жүзеге асыруы, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес салық төлеушілерге (салық агенттеріне) және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Декларация депутаттыққа кандидаттардың тұрғылықты жері бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына тапсырылады:
- Саяси партиялар мен мәслихаттар ұсынған ҚР Парламенті мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар мен олардың жұбайлары - 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша;
- Қазақстан халықтары Ассамблеясының Кеңесі ұсынған депутаттыққа кандидаттар мен олардың жұбайлары 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша;
Декларацияның 2 B ұяшығында 2020 жылды көрсету керек.
Декларация 3 тәсілмен тапсырылады:
1) қағаз түрінде – 2 данада жасалады, бір данасы декларацияны қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) белгісімен және мөр (мөртабан) бедерімен салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады;
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз түрінде – жеткізуші - салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе басқа байланыс ұйымының хабарламасын алады;
3) Ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда – салық төлеуші (салық агенті) Мемлекеттік кіріс органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама алады.
Декларация нысаны ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген (МКК сайтында орналастырылған).
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтерді:
- ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидаттар бойынша - облыстық мемлекеттік кірістер департаменттері;
- Қазақстан Республикасының мәслихаттарына кандидаттар бойынша - аудандық мемлекеттік кірістер басқармалары тексереді.