22 қазан Республика күні қарсаңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Әдебиет және өнер мұражайыға саяхат жасады.
Мұражай экспонаттары ұлттық мәдениетті, этнографиялық байырғы құндылықтарды, әдеби және мәдени өмірді сипаттайды.
Шара барысында олар Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» кітабымен, Ақан серінің адалбақанымен, оның сүйікті Ақтоқтаның «Зингер» тігін машинасымен және айнасымен танысты.
Сондай-ақ қазақ ақындары мен әншілердің олардың ішінде Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Сәкен Жүнісов және басқа да Көкше жерінің өнер қайраткерлерінің жеке заттарын және қолжазбаларын көрді.
Шараға қатысқан салық қызметінің ардагері Әндеш Құрманбаев мұражайдағы экспонаттар мен жәдігерлер қазақ халқының ұлттық мәдениетін, этнографиялық құндылықтарын және өзіндік болмысын көрсететінін атап өтті.
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі ретінде анықталған.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері және облыстық сайлау комиссиясының өкілдері Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясымен ұйымдастырған, мәслихат сайлауына байланысты Zoom онлайн-семинарға қатысты.Сайлау науқанына дайындық аясында салық заңнамасының талаптарына ерекше назар аударылады. Салық есептілігін уақтылы және дұрыс тапсыру кандидаттарды тіркеудің негізгі шарты болып табылады.
Декларациялауға қойылатын негізгі талаптар:
Кім тапсырады: Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250-нысан) депутаттыққа кандидаттың өзі де, оның жұбайы (зайыбы) да тапсыруға міндетті.
Есепті күн: Қаржылық мәліметтер мен активтер туралы деректер ұсыну басталған айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша — 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша көрсетіледі.
Бүгін, 16 қазанда, Көкшетау кәсіпкерлікті қолдау орталығында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған семинар өтті. Семинарға «Riza Company» аудит компаниясының бухгалтерлері мен қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы Шынар Мусина Қазақстан Республикасының салық заңнамасына 2027 жылға арналып ұсынылған негізгі өзгерістер жобасымен таңыстырды.
Кәсіпкерлерді қолдау орталығының басшысы Ризагүл Галадий атап өткендей, семинар өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Онда көптеген маңызды ақпарат берілді. Қатысушылар сұрақтарын тікелей қоюға және жоспарланған өзгерістер туралы толық түсіндірмелер алды.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті халыққа салықтық және кедендік мәселелер бойынша жедел түсіндіру көмегін көрсету, халықтың хабардарлығын арттыру және кері байланыс алу мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті іске асырған «@SalyqBot» Telegram чат-боты жұмыс істейтінін еске салады.
@SalyqBot – қазақ және орыс тілдерінде әзірленген цифрлық салық кеңесшісі, және ол өте пайдалы функцияларға ие:
Шотты бұғаттан шығару;
Жеке тұлғалардың салықтары бойынша көмек;
Банкроттық;
Бейнеқоңырау;
Кедендік мәселелер бойынша жедел көмек;
Salyq ЖИ 2026;
ТОП сұрақтар;
Операторға сұрақ қою;
Электрондық сервистер;
Калькуляторлар;
Анықтамалық;
Салық күнтізбесі;
Сауалнамалар;
Бейнесабақтар.
Чат-бот «@SalyqBot» атауы бойынша немесе https://t.me/salyqbot тікелей сілтемесі арқылы қолжетімді.
«Өмірге үміт сыйлаймыз» - бұл донорлардың адам өмірін сақтауға қосқан үлесі туралы жарқын ұран. Бүгін 14 қазанда Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері облыстық Қан орталығы банкінің қорын толықтырып, игі іске қосылды.…Соңғы 15 жылда қан тапсыру науқандарына жүйелі түрде қатысып келемін, – дейді «Көкшетау – кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің бас маманы Ирина Субботина – ортақ іске өз үлесімді қосудың маңыздылығы мен қажеттілігін жақсы түсінемін.Айта кету керек, кез келген сау адам донор бола алады.Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қан тапсыру акцияларға тұрақты түрде қатысуда.
2024 жылғы қараша айынан бастап «КEDEN» цифрлық жүйесінде «КБжС бойынша міндеттемені орындауды қамтамасыз етуді тіркеу» модулі жұмыс істейді. Аталған модуль кедендік рәсімдерді жүзеге асыру кезінде және көзделген өзге де жағдайларда, сондай-ақ заңды тұлғалардың тізілімдік қызметі шеңберінде кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемені орындауды қамтамасыз етуді (бұдан әрі - қамтамасыз ету) тіркеуге өтініш беруді көздейді.
Бірыңғай ақпараттық кеңістік шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсетудің толық циклі - өтініш беруден және қажетті тексерулерді жүргізуден бастап қамтамасыз етуді тіркеуге және оны кедендік операцияларды жүзеге асыру кезінде одан әрі пайдалануға дейін қамтамасыз етіледі.
Ұсынылатын мәліметтерді тексеруді автоматтандыру мақсатында «КEDEN» ЦЖ ақпараттық жүйелермен интеграциялар іске асырылды. Атап айтқанда, сақтандыру шарттары мен банктік кепілдіктер туралы мәліметтерді алу, сондай-ақ кепіл шарттары бойынша ауыртпалықтың бар-жоғын тексеру қамтамасыз етіледі. Бұл ақпараттық жүйеде СЭҚҚ қосымша сұрау салмай және тиісті құжаттарды ұсынуды талап етпей қажетті тексерулерді жүргізуге мүмкіндік береді.
Жүйеде өтініш пен қамтамасыз етудің мәртебелерін оны қабылдау, тіркеу кезеңдерінде, сондай-ақ тиісті кедендік рәсімдер мен жағдайлар шеңберінде қамтамасыз етуді пайдалану кезінде көрсету көзделген.
Қамтамасыз ету мөлшерін есептеу нысанын (ҚМЕН) пайдалануды көздейтін жағдайларда сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға (СЭҚҚ) тауарларға арналған декларацияны (ТД) бергенге дейін одан әрі ТД-мен байланыстыруімен қамтамасыз етуді тіркеуге өтініш беру және таңдалған әрекет ету тәртібіне қарай - ҚМЕН қалыптастырылғаннан кейін өтініш беру мүмкіндігі ұсынылады. Бұл ретте жүйеде қамтамасыз ету сомасының жеткіліктілігін автоматты түрде тексеру іске асырылған. Қамтамасыз ету тіркелгеннен кейін ТД бақылауды аяқтау карточкасында көрсетіледі.
Бұдан басқа, жүйе декларанттың БСН/ЖСН-інің, қамтамасыз етуді қолдану негізінің және оның мәртебесінің қамтамасыз етуді пайдалануға қажетті талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексереді.
Аталған тетіктерді іске асыру қолмен орындалатын операциялардың санын одан әрі қысқартуға, қамтамасыз етуді ұсыну процесін жеделдетуге және оны «КEDEN» ЦЖ тікелей электрондық форматта ресімдеуді және пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 348-бабына сәйкес, алдыңғы салық жылының алдындағы кезеңдегі түзетілген жиынтық жылдық табысы (ЖЖТ) айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 600 000 еселенген мөлшерінен асатын заңды тұлғалар аванстық төлемдерді жүргізуге міндетті.Алдын ала төлемдерді жүргізуден босату мыналарға қолданылады:- табысы 600 000 АЕК шекті мөлшерінен аспайтын салық төлеушілерге;- жаңадан құрылған салық төлеушілерге — ағымдағы және келесі салық жылдары ішінде;- Салық кодексінің 329-бабының 1-тармағы мен 330-бабының ережелерін қолданатын коммерциялық емес ұйымдарға;- Салық кодексінің 331-бабының талаптарына сай келетін мүгедектігі бар адамдар ұйымдарына;- «Astana Hub» қатысушыларына;- Салық кодексінің 348-бабы 1-тармағының 7–9-тармақшаларында көрсетілген өзге де салық төлеушілерге.
Есептеу және есеп беру тәртібі1-тоқсан (қаңтар, ақпан, наурыз):
Салық декларациясын (101.01-нысан) тапсырғанға дейін аванстық төлемдердің есебін ұсыну талабы күшін жойды. Аванстық төлемдерді салық органы алдыңғы кезеңдегі аванстық төлемдер сомасының он екіден бір бөлігіне тең мөлшерде автоматты түрде есептейді (Салық кодексінің 349-бабы).Салық декларациясын (101.01-нысан) тапсырғанға дейін аванстық төлемдердің есебін ұсыну талабы күшін жойды. Аванстық төлемдерді салық органы алдыңғы кезеңдегі аванстық төлемдер сомасының он екіден бір бөлігіне тең мөлшерде автоматты түрде есептейді (Салық кодексінің 349-бабы).
2–4-ші тоқсандар (сәуір–желтоқсан):Салық төлеушілер ағымдағы жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей аванстық төлемдердің есебін (101.02-салық нысаны) тапсыруға тиіс (Салық кодексінің 350-бабы).
Сомаларды түзету:Болжалды табыс сомалары өзгерген жағдайда, салық төлеуші есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанына дейін қосымша есеп-қисапты (101.02-нысанды) ұсынуға құқылы.Аванстық төлемдер ай сайын, әр айдың 25-ші күнінен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.Егер салық кезеңінің соңында есептелген корпоративтік табыс салығының (КТС) нақты сомасы аванстық төлемдердің жалпы сомасынан 20%-дан астам мөлшерде асып кетсе, бұл Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 278-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке (асып кеткен соманың 20%-ы мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде) әкеп соғады.Салық төлеушілерге КТС бойынша мәлімделген аванстық төлем сомаларына уақтылы түзетулер енгізуді ұсынамыз.
Бүгін 09 қазанда Ақкөл ауданы бойынша Мемлекетттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстар және байланыс орталығы басқармасының басшысы Шынар Мусина және Мемлекеттік қызметтер басқармасы бөлімінің басшысы Ақмарал Мейірманова салық салудың өзекті мәселелері мен салық заңнамасын қолдану жөнінде салық төлеушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне арналған техникалық оқыту шараларын өткізді.