Қазақстан Республикасының тұрғындары салықтық рақымшылықты қолдана алады! Бұған жер, мүлік немесе көлік қарызы бар адамдар жатады.
-Заңда негізгі қарызды 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтеген жағдайда 2020 жылдың 1 сәуіріне есептелген өсімпұлды есептен шығару туралы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық қарастырылған.
Салық кезеңі ішінде 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін мүлік, жер және көлік салығына қатысты.
Салық берешегін «Егов» электрондық үкімет порталында, «Каспи Банк», «e-Salyq mobile» мобильдік қосымшасында, сондай-ақ салық төлеушінің кабинетінде тексеруге болады.
Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына келудің қажеті жоқ, - деп хабарлады департаменттен. Өсімақылар, негізгі борыш сомасын өтеген кезде автоматты түрде есептен шығарылады.
Құрметті қазақстандықтар салықтық рақымшылықты пайдаланып үлгеріңіз!