Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есеп (есепті кезең: 2025 жыл)

Қызметі туралы есеп

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша (есепті кезең 2025 жыл)

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  • Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: Көрсетілетін қызметті берушілер - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары:
    • Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті(бұдан әрі -Департамент);
    • Аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары.

Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, адамның өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, қоршаған ортаны қорғау;
  • өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету.
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:Департаментпен мемлекеттік қызметтің 11 түрі көрсетіледі (5 кедендік бағытта және 6 салықтық бағытта).

Мемлекеттік кірістер органдарының барлық мемлекеттік қызметтері бойынша Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері бекітілді:

  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 500 бұйрығы
    "Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы".
    • Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары барлығы 538 690 қызмет көрсетті, оның ішінде электронды түрде – 537 713 және қағаз жүзінде – 977 немесе 99,8%.

Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мынадай қызметтер болып табылады:

- "Салық есептілігін қабылдау" - 434 412 қызмет немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының 80,8%;

- "Тауарларды кедендік тазарту" - 15 290 қызмет немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының 2,8%;

- "Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" - 14 595 қызмет немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының 2,7%.

 

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

  • Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат (Ережелер, жадынамалар) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin?lang=ru, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd?lang=ru, сондай-ақ Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola?lang=ru, "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz б.

          Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар: түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

 

  1. Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін Комитеттің сайтында кезекті онлайн брондау функционалы іске асырылған, бұл МКБ-ға бару уақытын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді және салық төлеушілердің уақыт шығындарын айтарлықтай қысқартады.

           "E-Salyg Azamat" мобильдік қосымшасы іске асырылды, онда өтініштерді қабылдау, салық міндеттемелерін орындау, мемлекеттік қызметтерді алу, мемлекеттік кірістер органдарына бару күні мен уақытын брондау жүзеге асырылады.

           Бұл функционал қызмет алушыларға кезек күту түріндегі уақыт шығындарын алып тастауға мүмкіндік береді. Алдын ала брондау мүмкіндігі қызмет алушылардың ағымын реттеуге және қызмет көрсету орталықтарында кезектердің құрылуына жол бермеуге мүмкіндік береді.

           Онлайн брондау мобильді қосымшаның "Электрондық қызметтер" бөлімінде, сондай-ақ ҚР ҚМ МКК порталында қолжетімді. Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер "Салық әмияны" қызметін пайдалана отырып, салық міндеттемелерін автоматты түрде қарай алады.

           Бұдан басқа, бұл мобильді қосымша ҚР ҚМ МКК-ның келесі ақпараттары мен қызметтеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді:

  • Салық әмияны;
  • БЖТ төлеу;
  • Жиі қойылатын сұрақтар;
  • Кері байланыс.

Электрондық сервистер:

  • Онлайн брондау;
  • Салық төлеушіні іздеу;
  • Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу;
  • ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисі;
  • салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы сервис;

Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы және салық есептілігін кері қайтарып алу туралы мәліметтер.

              Сондай-ақ, салық міндеттемелерін орындау тәртібін жеңілдету мақсатында жеке кәсіпкерлерге арналған "e-Salyg Business" мобильді қосымшасы іске асырылды;

- ЖК ретінде тіркелу;

- мобильді қосымша чегін беру (БКМ чектеріне балама);

- жеке кәсіпкердің кірістерін есепке алу (қосымшаның чектері негізінде);

- салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеу;

- жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізу;

- жеңілдетілген декларацияны тапсыру (СЕН 910.00);

- кәсіпкерлік қызметті тоқтату (жеңілдетілген тарату);

- хабарландыруларды, оның ішінде хабарландырудың баламалы тәсілі ретінде алуға;

- салықтарды бір төлем құжатымен бірден бірнеше салық үшін төлеуге;

- төлемдерді басқару – бұл есепке жатқызу және қайтару;

- белгілі бір анықтамаларды алу: ЖК ретінде тіркелу, ЖК табысы, қызметкерлердің табысы туралы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мақсатында салық және кеден заңнамасына қызмет көрсету мерзімдерін қысқартуды, құжаттар санын қысқартуды, сондай-ақ қызметтерді электрондық форматқа көшіруді көздейтін түзетулер әзірленді.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
    • Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Тексерулер барысында жабдықты, отыратын орындардың болуын, Мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарының температуралық режимінің сақталуын, ақпараттық стендтердің толтырылуын, Орталық қызметкерлерінің құзыреттілігі мен этикалық нормалардың сақталуын көзбен шолу жүзеге асырылады.

Тексерулер көрсеткендей, тұтастай алғанда, қызмет көрсету орталықтары жекелеген ұйымдастырушылық жағдайларды қоспағанда, талаптарға сай келеді, оларды жою үшін аумақтық бөлімшелерге тиісті ұсыныстар беріледі.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру.

Президенттің мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру қажеттілігі туралы тапсырмасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда.

Мемлекеттік кірістер органдарының имиджін қалыптастырудың және қолдаудың бірыңғай корпоративті стилін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің 13.08.2020 жылғы № 297 бұйрығымен бекітілген фирмалық кітапқа сәйкес Департамент бөлімшелерінің одан әрі бірыңғай дизайнымен фирмалық фирмалық стиль бекітілді. .

Дата публикации
11 июня 2026
Дата обновления
14 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
28 июля 2026
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс қозғау туралы хабарландыру
Ақпарат
16 июня 2026
ҚҚС бойынша декларацияны алдын ала толтыру
Ақпарат
16 июня 2026
Қазақстанда кедендік төлемдер: 2026 жылдың мамырынан бастап жаңа төлем тәртібі енгізіледі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы