Меню

Страницы

Статья

Жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерін оңайлату

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті 2024 жылғы 25 тамыздан бастап жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерін оңайлатуға бағытталған заңнамаға енгізілген өзгерістердің күшіне енгенін еске салады:

  1. Рәсімдерді қолдану негіздерін қайта қарау

- төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін қарыз бойынша мерзімі өткен берешектің және мүліктің болуы міндетті шарт болып табылмайды;

- соттан тыс банкроттық рәсімін барлық ұйымдарға қатысты қолдануға болады. Бұл ұйымдар – банктік қарыз шарттары, қарыз (несие) шарттары және микронесие беру шарттары бойынша талап ету құқығына ие ұйымдар, соның ішінде лицензиясынан айырылған, тарату сатысындағы немесе тиісті тізілімнен шығарылған ұйымдар.

  1. Соттан тыс банкроттық рәсіміне өтініш беру тәртібін оңайлату

- қарыз алушы өтініште кредитор туралы, берешек сомасы туралы мәліметтерді көрсетуден және қандай да бір құжаттарды қоса беруден босатылады.

  1. Соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану үшін төлемдердің болмау мерзімін нақтылау

- 1 АЕК-тен аз берешек бойынша төлемдер өтелген болып есептелмейді. Қарызды коллекторлық агенттікке беру жағдайында өтелмеу мерзімі талап (құқық) берілген күнге дейінгі соңғы төлем күнінен бастап есептеледі.

  1. Қарызды реттеу мерзімін өзгерту

- егер қарыз төлемдері 12 айдан астам уақыт бойы жүргізілмесе, онда қарызды реттеу рәсімін жүргізу талап етілмейді.

 

Дата публикации
04 августа 2025
Дата обновления
04 августа 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
28 июля 2026
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс қозғау туралы хабарландыру
Ақпарат
16 июня 2026
Қазақстанда кедендік төлемдер: 2026 жылдың мамырынан бастап жаңа төлем тәртібі енгізіледі
Ақпарат
16 июня 2026
Cалықтық тексерулер жүргізу бөлігінде Салық кодексіндегі басты өзгертулер бойынша

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы