01.10.2024 жылғы жағдай бойынша 2024 жылдың 9 айында барлығы 2135 салықтық тексеру жүргізілді.
Ақмола облысының аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары 1890 салықтық тексеру жүргізді, оның ішінде: тақырыптық – 53, қарсы – 1643, тақырыптық – жекелеген мәселелер бойынша – 184, хронометраждық тексеру-10, осы салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша 11 565,3 мың теңге қосымша есептелді.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті барлығы 245 салықтық тексеру жүргізді, оның ішінде: тақырыптық – 188, кешенді – 55, қарсы – 2, Осы салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша 3 017 721,7 мың теңге қосымша есептелді.