2020 жылғы 12 айына кедендік бақылау нәтижелері туралы ақпарат

1.Сыртқы сауда айналымы

 

Ақмола облысы бойынша МКД сыртқы сауда айналымы 2020 жылғы 12 айында 1195 млн. АҚШ долл. құрады, оның ішінде импорт-496 млн. АҚШ доллары, экспорт-699 млн. АҚШ доллары.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сыртқы сауда айналымы 197 млн. АҚШ долларға артты немесе 20%, оның ішінде импорт көлемі 120 млн. АҚШ долл. немесе 32%, экспорт көлемі 76 млн. АҚШ долларға артты немесе 12 %.

Сыртқы сауда сальдосы оң (203 млн АҚШ долл.), импорттың үлес салмағы 41 %, экспорттың үлес салмағы - 59% құрайды.

 

2.Кедендік тазарту және бақылау

 

2020 жылдың 12 айында Ақмола облысы бойынша МКД-де түрлі кедендік рәсімдерде 11 195 ТД шығарылды. 11 195 ТД-дан ЭК-10 рәсімі бойынша 4 804 ТД рәсімделді, ИМ-40 – 4 145 ТД және басқа рәсімдер бойынша 2 246 ТД.

Көрсетілген кезеңде жасыл дәліз бойынша – 9 115 ТД (81%), сары дәліз бойынша – 1 326 ТД (12%), қызыл бойынша - 298 ТД (3%) және көк дәліз бойынша - 456 ТД (4%) рәсімделді.

 

3.Кедендік тексеру

 

2020 жылдың 12 айында 11 195 ТД-дан 203 ТД бойынша тексеру жүргізілді, бұл 1,8 % құрайды.

Көрсетілген кезеңде тексеру барысында 77 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды (535 – бап: декларациялау тәртібін бұзу - 63 бұзушылық; 551-бап анық емес декларациялау - 14 бұзушылық), 1 933 090 теңге сомасына айыппұл өндіріп алынды, залал 479 998 теңгені құрады.

2020 жылғы 12 айында кедендік тексерудің тиімділігі – 39,09 %. (2019ж. 12 айында тексеру саны - 221, анықталды - 58; тиімділігі – 26,3 %).

 

 

4.Тауарлардың кедендік құнын бақылау

 

Ағымдағы жылы тәуекелдің құндық бейінін іске қосу шеңберінде, мәлімделген кедендік құнына  кедендік бақылау жүргізуге ТБЖ-мен ұсынылған 376 тауарларға арналған  декларациялардан 413 ТД бойынша (67,3 %) тауарлардың кедендік құны түзетілді және қосымша 125,7 млн.теңге есептелді де өндірілді, 135 ТД (32,7 %) бойынша тауарлардың мәлімделген кедендік құны қабылданды. 1 ТД-дан орташа өндіріп алу 478,1 мың теңгені құрайды. 

 

 

 

5.Тауарларды ЕАЭО СЭҚ ТН коды бойынша жіктеу

 

Ағымдағы жылы ЕАЭО СЭҚ ТН коды бойынша тауарларды жіктеу туралы 52 шешім қабылданды, олар бойынша қосымша есептеу сомасы 8 660 мың теңгені құрады. СЭҚҚ өтініштері бойынша тауарларды ЕАЭО СЭҚ ТН коды бойынша жіктеу туралы 42 алдын ала шешім берілді, олар бойынша бюджетке 1 344 мың теңге сомасына кедендік алымдар енгізілді.

Дата публикации
25 февраля 2021