Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жыл үшін жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібімен қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлердің, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің кірістерді толық көрсетуі бойынша камералдық бақылау нәтижелерімен алшақтықтар анықталғанын хабарлайды.

    Алшақтықтар салықтық нысандардың, электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ), екінші деңгейдегі банктердің мәліметтерінің (POS-терминалдар және мобильді төлемдер), сондай-ақ ақпараттың өзге де көздерінің деректерін зерделеу және талдау негізінде анықталды. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге тиісті хабарламалар жіберілді.

    Камералдық бақылаудың мақсаты – салық төлеушіге алшақтықтарды өз бетінше жою мүмкіндігін беру.

   Хабарламаны алған кезде не істеу керек

   Орындауға 30 жұмыс күні – шамамен 45 күнтізбелік күн беріледі.

    Егер сіз алшақтықпен келіссеңіз – қосымша салықтық есептілікті ұсыныңыз және өзіңіз есептеген салық сомаларын дербес төлеңіз.

    Егер бұзушылық жоқ деп есептесеңіз – негіздемесі бар түсіндірмені ұсыныңыз. Бұл хабарламаны орындаудың тең дәрежелі тәсілі болып табылады.

    Хабарламаның бар-жоғын тексеруге және оны орындауға салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы болады.

    Комитет салық төлеушілерді салық міндеттемелерін уақтылы орындауға шақырады.

 

Дата публикации
16 октября 2026