2026 жылдың бірінші тоқсанындағы өтініштердің шолу

2026 жылдың бірінші тоқсанында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне заңды және жеке тұлғалардан 3 001 өтініш келіп түсті; өтініштердің басым бөлігі салықтық және кедендік әкімшілендіру, кәсіпкерлік қызмет, тарату, оңалту және банкроттық, сондай-ақ жеке тұлғалардың банкроттығы мәселелеріне қатысты болды.

Заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен 3 001 өтініштің 2 484-і қарастырылды: оның ішінде 1 423-і – жалпы әкімшілік рәсім, ал 1 061-і – жеңілдетілген рәсім бойынша.
Дата публикации
17 июня 2026