2025 жылдың 1-тоқсанындағы өтініштерді қарау

2025 жылдың бірінші тоқсанында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне заңды және жеке тұлғалардан 1 794 өтініш келіп түсті. Бұл өтініштердің басым бөлігі салықтық және кедендік әкімшілендіру, оңалту және банкроттық, сондай-ақ жеке тұлғалардың банкроттығы мәселелеріне қатысты болды.

Заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен 1 794 өтініштің 1 467-сі қарастырылды: оның ішінде 894-і – жалпы әкімшілік рәсім, ал 573-і – жеңілдетілген рәсім арқылы өңделді.
Дата публикации
17 июня 2026