ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ШЕКАРАСЫНДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ ӨТКІЗУ ПУНКТТЕРІ 2026 ЖЫЛҒЫ 25 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ

ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ШЕКАРАСЫНДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ ӨТКІЗУ ПУНКТТЕРІ 2026 ЖЫЛҒЫ 25 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ

Мемлекеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасында «Күз ортасы мерекесінің» атап өтілуіне байланысты 2026 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы жеке тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды.

 ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ШЕКАРАСЫНДАҒЫ ТЕМІРЖОЛ ӨТКІЗУ ПУНКТТЕРІ

Теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

 Тасымалдаушылар мен мемлекеттік шекарадан өтуді жоспарлап отырған азаматтарды енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырамыз.