Меню

Страницы

Статья

ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН МІНДЕТТІ ТАЛАПТАР

Қазақстанда қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын кәсіпкерлер мен ұйымдар қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті.

 Бұл талап «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңына және 2026 жылғы 13 мамырдағы №388 қаулымен өзгерістер енгізілген ҚР Үкіметінің №457 қаулысына сәйкес белгіленген.

 Кімдер қолма-қол ақшасыз төлем қабылдауға міндетті?

2026 жылғы 19 шілдеден бастап міндетті қызмет түрлерінің тізбесі 18 түрге дейін кеңейтілді.

Талап айналым мөлшеріне және бизнес нысанына қарамастан, оның ішінде ЖК мен ЖШС-ларға қолданылады:

көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу;

қонақүйлер және қоғамдық тамақтану орындары;

әуе және теміржол билеттерін сату, жүк тасымалы;

туроператорлық қызмет;

сақтандыру, медициналық және білім беру қызметтері;

кинотеатрлар және фильм көрсету;

фитнес-клубтар, спорт залдары, дискотекалар, боулинг, бильярд, құмар ойындар;

шаштараздар мен сұлулық салондары;

пошта және курьерлік қызметтер;

дизайнерлік қызмет, ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру.

 Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау тәсілдері

Талаптарды орындау үшін келесі тәсілдердің бірін қамтамасыз ету жеткілікті:

1.  POS-терминал — карталармен және мобильді құрылғылармен төлем қабылдауға арналған стационарлық, мобильді немесе мини-POS.

2.  QR-төлемдер — Банкаралық мобильді төлемдер жүйесі арқылы банктік QR-кодпен төлем қабылдау.

 Кімдерге талап қолданылмайды?

Талап телекоммуникациялардың жалпыға ортақ желісі, оның ішінде интернет пен ұялы байланыс толық жоқ нестационарлық объектілерге қолданылмайды.

 Жауапкершілік

Талаптардың сақталуын мемлекеттік кірістер органдары бақылайды.

ҚР ӘҚБтК-нің 195-бабына сәйкес:
Бірінші рет бұзушылық жасалған жағдайда — ресми ескерту беріледі;

Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда — әкімшілік айыппұл салынады:

 шағын бизнес — 40 АЕК (173 000 теңге);

орта бизнес — 60 АЕК
(259 500 теңге);

 ірі бизнес — 80 АЕК
(346 000 теңге).

Дата публикации
01 октября 2026
Дата обновления
01 октября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері жоспарының орындалуы туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
16 октября 2026
Еуразиялық экономикалық одаққаға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейі туралы: нені білу маңызды?
Пайдалы ақпарат
01 октября 2026
ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН МІНДЕТТІ ТАЛАПТАР

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы