Меню

Страницы

Статья

Электронды шот-фактураны жазып беруге міндетті тұлғалардың санаттары

Электронды шот-фактураны: қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушілер және қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер жазып беруге міндетті:

 комиссионер; экспедитор; мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығарған кезде оның ведомствосы;

 Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында айқындалған, сәйкестікті растау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;

 Салық төлеушілер: жүктерді халықаралық тасымалдаудың көрсетілетін қызметтері бойынша;

 ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден өкілі, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймаларының иесі, кедендік қоймалардың иесі және уәкілетті экономикалық оператор болып табылатын;

 оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын;

 Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда;

 импортталған тауарларды өткізген жағдайда;

 салық төлеушіге келіп түскен және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модуліне келіп түскен кезде есепке алынған тауарларды өткізетін;

 Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтер бойынша, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық бұйымдардың жиынтықтауыштарын, сондай-ақ техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдарды өткізу бойынша;

 адвокаттық кеңсе жасаған шарттар бойынша адвокаттық осындай кеңсені дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп құрған адвокат көрсеткен заң көмегі жөніндегі адвокаттық кеңсе.

 Шот-фактура Салық Кодексінің ережелері ескеріле отырып, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша жазып беріледі.

Дата публикации
29 сентября 2026
Дата обновления
29 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері жоспарының орындалуы туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
16 октября 2026
Еуразиялық экономикалық одаққаға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейі туралы: нені білу маңызды?
Пайдалы ақпарат
01 октября 2026
ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН МІНДЕТТІ ТАЛАПТАР

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы