Меню

Страницы

Статья

Жер қойнауын пайдалану учаскелері үшін төлемақы: 2026 жылдан бастап не өзгерді?

 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінде жер қойнауын пайдалану учаскелері үшін төлемақыны есептеу тәртібіне өзгерістер көзделген.

Атап айтқанда, қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскелері үшін төлемақы мөлшерлемелері өзгертілді.

Төлемақы мөлшері лицензияның қолданылу мерзіміне және блоктар санына байланысты:

 1-ден 36 айға дейін — бір блок үшін 15-тен 40 АЕК-ке дейін;

 37-ден 60 айға дейін — бір блок үшін 23-тен 60 АЕК-ке дейін;

 61-ден 84 айға дейін — бір блок үшін 32-ден 80 АЕК-ке дейін;

 85-айдан бастап — бір блок үшін 60-тан 100 АЕК-ке дейін.

 Салық кодексінің 621-бабына сәйкес, төлемақы мөлшерлемелері салық кезеңінің 1-ші күнінде қолданыста болған АЕК мөлшері негізінде айқындалады және блоктар санына қарай тиісті мөлшерлеме қолданылады.

 Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес блок деп қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия берілген аумақ танылады. Әрбір блоктың оны сәйкестендіретін координаттары және жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган беретін жеке коды болады.

 Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде төлемақы мөлшерлемесі лицензия қолданылған 1-айдан бастап әрбір 1 км² үшін 450 АЕК мөлшерінде белгіленеді.

 Осылайша, төлемақыны есептеу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар лицензияның түрін, оның қолданылу мерзімін, барлау кезінде блоктар санын немесе өндіру кезінде жер қойнауы учаскесінің алаңын, сондай-ақ Салық кодексінің 621-бабында белгіленген тиісті мөлшерлемені ескеруі қажет.

Дата публикации
11 сентября 2026
Дата обновления
11 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері жоспарының орындалуы туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
16 октября 2026
Еуразиялық экономикалық одаққаға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейі туралы: нені білу маңызды?
Пайдалы ақпарат
01 октября 2026
ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН МІНДЕТТІ ТАЛАПТАР

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы