Меню

Страницы

Статья

Әртүрлі қалалардағы пәтерлерді жалға беру: АСР қолдануға бола ма?

 2026 жылы кәсіпкер әртүрлі қалалардағы пәтерлерін жалға берсе, оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдануға құқылы ма?

 Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 723-бабында белгіленген талаптар сақталған жағдайда, жеке кәсіпкер оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдануға құқылы.
ЭҚЖЖ 68201 – «Өзінің жылжымайтын мүлкін жалға беру және басқару» қызмет түрі аталған арнайы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілмеген.

 Сондықтан кәсіпкердің өзіне тиесілі жылжымайтын мүлікті, оның ішінде басқа елді мекенде орналасқан пәтерлерді жалға беруі жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауысуға негіз болмайды. Бұл ретте кәсіпкер Салық кодексінің 723-бабының 1-тармағында көзделген табыс бойынша шекті мөлшерді сақтауы қажет. Яғни, күнтізбелік жылдағы табысы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы 600 000 АЕК-тен аспауға тиіс.
 Егер барлық талаптар орындалса, кәсіпкер әртүрлі қалалардағы пәтерлерін жалға беру кезінде де оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдана алады. Жаңа Салық кодексінде аумақтық белгі бойынша шектеу алып тасталған.

 Жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен табыс арнайы салық режимі шеңберіндегі табыс құрамында көрсетіліп, жеке кәсіпкер тіркелген жері бойынша ұсынылатын 910.00 нысанындағы оңайлатылған декларацияда көрсетіледі.

Дата публикации
11 сентября 2026
Дата обновления
11 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық түсімдері жоспарының орындалуы туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
16 октября 2026
Еуразиялық экономикалық одаққаға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты бағалардың ең төменгі деңгейі туралы: нені білу маңызды?
Пайдалы ақпарат
01 октября 2026
ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ТӨЛЕМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН МІНДЕТТІ ТАЛАПТАР

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы